Accessibility links

Шымкентте бірнеше адам газдан уланып, біреуі қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазанның 17-сі күні Шымкенттегі жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адам газдан уланып, олардың бірі қайтыс болды. Бұл туралы Азаттыққа "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалының баспасөз хатшысы Саида Турсуметова хабарлады.

Саида Турсуметованың айтуынша, қаланың Әлімбетов көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адам газдан уланып, ауруханаға түскен. Арнайы құрылған топ газ құбырларының дұрыс жалғанбағанын, үй мұржасы бекітіліп қалғанын анықтаған.

Оқиға орнында 1971 жылы туған Өзбекстан азаматы қайтыс болған. Тағы төрт адам уланып ауруханаға жатқызылған. Олардың арасында балалар да бар.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Зарипа Абдуллақызы қайғылы оқиға болғанын растады. Оның сөзінше, қазір газдың ауаға неден таралғаны анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Жылыту маусымында газдан уланғандар көбейді

Ресми мәлімет бойынша, Түркістан облысында қаңтардың басынан бері жеті адам газдан уланып қайтыс болған. Былтыр облыста 23 адам иіс тиіп көз жұмған. Мамандар қайғылы оқиғаға қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы себеп болатынын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG