Accessibility links

"Пикетке рұқсат ала алмаған" тұрғын Қарағанды әкімдігін сотқа берді


Қазыбек би аудандық сотының ғимараты. Қарағанды. Көрнекі сурет

Қарағандының Қазыбек би аудандық соты Әлия Садырбаева есімді тұрғынның Қарағанды әкімдігін сотқа берген шағымын қабылдады. Садырбаева "әкімдіктің пикет өткізу туралы өтінішімді кері қайтаруы - заңсыз" деп санайды. Сот тұрғынның шағымы бойынша азаматтық іс қозғады.

Бұдан бөлек, Әлия Садырбаева 29 қыркүйекте шағымы бойынша сотқа "әңгімелесуге" шақырту алған.

Садырбаева бір адамдық пикетке шығуға рұқсат беруді сұрап, әкімдікке 25 қыркүйекте хат тапсырған. Тұрғын пикетін 6 қазанда ұйымдастырып, "үкіметтің отставкаға кетуін" талап етпек болған. Бірақ қала әкімі Нұрлан Әубәкіровтің атынан пикетке рұқсат берілмейтіні туралы жауап қазан айының басында келген. Хатта "облыстық әкімдіктің алдында пикет өткізуге болмайтыны және қандай да бір акция өткізген жағдайда әкімшілік жауапқа тартылатыны" айтылған.

Әлия Садырбаева Қазақстан үкіметі мен облыс әкімдерін "президент тапсырмасын орындамайды" деп жиі сынайды. Ол бұған дейін премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қызметінен кетуге шақырып, интернетте үндеу жариялаған. Оның пікірінше, "үкімет қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту үшін ештеңе істемей отыр".

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG