Accessibility links

Шымкентте полицейді пышақтап кетті


Шымкенттегі полиция қызметкері (Көрнекі сурет).

Шымкентте көшеде патрульдік қызметте жүрген полицейді автотұрақта күдікке ілінген азамат пышақтап кетті. Бұл туралы Азаттыққа қалалық ішкі істер департаментінен хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, 17 қазан күні кешке полиция қызметкерлері көшедегі бақылау кезінде автотұрақ маңында күдіктілерді байқап, тексеру жұмыстарын жүргізген. Сол сәтте күдіктінің бірі қашуға әрекеттенген. Күдікті артынан қуған учаскелік полиция инспекторына бірнеше жерінен пышақ салып, жарақаттаған.

Жараланған полицей қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізіліп, ота жасалған, қазір жағдайы қалыпты.

"Күдікті қамауға алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің "Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG