Accessibility links

Назарбаев Брюссельде Макронмен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған делегация Франция президенті Эммануэль Макронмен және осы ел билігі өкілдерімен кездесіп отыр. Брюссель, 18 қазан 2018 жыл. Сурет ресми akorda.kz сайтынан алынды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған делегация Франция президенті Эммануэль Макронмен және осы ел билігі өкілдерімен кездесіп отыр. Брюссель, 18 қазан 2018 жыл. Сурет ресми akorda.kz сайтынан алынды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде "Азия - Еуропа" форумының 12-саммиті аясында Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесті.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде президенттер екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылап, аймақтық және халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасты. Назарбаев бұл кездесуінің арқасында Қазақстан мен Франция арасындағы байланыс жаңа кезеңге көтерілетініне сенетінін, өзара тауар айналымы 5 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін екенін айтты.

Макрон Франция президенті қызметіне кіріскелі бері Назарбаевпен бірінші рет кездесіп отырғанын, екі ел арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толғанын айтты.


Нұрсұлтан Назарбаев мұның алдында Брюссельде еуропалық бизнес жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесуде Назарбаев Еуропа елдері Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серігі екенін айтты. Назарбаевтың сөзінше, Еуропа елдері Қазақстанға тәуелсіздік алғалы бері 180 миллиард доллар инвестиция салған.

Кездесуде Назарбаев еуропалық бизнесмендерге Қазақстанда бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасалғанын, "Астана" халықаралық қаржы орталығында шетел қатысушыларына жеңілдетілген валюта, виза және еңбек режимі енгізілгенін жеткізді. Кездесу соңында Назарбаев жиын Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы өзара тиімді серіктестікті бұрынғыдан да нығайта түсетініне сенім білдірді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG