Accessibility links

Ақын Әбдірахман Асылбеков қайтыс болды


Ақын Әбдірахман Асылбеков (Сурет adebiportal.kz сайтынан алынды).
Ақын Әбдірахман Асылбеков (Сурет adebiportal.kz сайтынан алынды).

Ақын, "Желтоқсан желі" әнінің сөзін жазған Әбдірахман Асылбеков 80 жасында өмірден озды. Бұл туралы Азаттыққа ақын, сазгер Байғали Есенәлі хабарлады. Оның сөзінше, Әбдірахман Асылбеков 19 қазан күні Алматыда ауруханада көз жұмды.

Әбдірахман Асылбеков 1938 жылы Жамбыл облысының Талас ауданында дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ Педагогикалық институтының тарих-филология факультетін бітірген ол "Жазушы", "Жалын" баспаларында, республикалық басылымдарда қызмет істеген.

Әбдірахман Асылбеков 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы "Желтоқсан желі" өлеңінің сөзін жазған. Бұл өлеңге сазгер Әбиірбек Тінәлиев ән жазған. Бұл ән алғаш рет Азаттық радиосының эфирінде айтылып, халыққа тараған.

Видео: Алаңға жиналғандар "Желтоқсан желі" әнін шырқады (17.12.2017)

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG