Accessibility links

Қазақстан Қырғызстаннан ет өнімін кіргізуге қойған шектеуді жойды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанның Ауылшаруашылығы министрлігі елге Қырғызстаннан ет өнімдерін кіргізуге қойған шектеуді алып тастады. Бұл жөнінде Қырғызстанның ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясы мәлімдеді. Инспекция баспасөз қызметі Азаттықтың Қырғыз редакциясына ведомство Қазақстанды елдегі эпизоотиялық ахуалдан хабардар еткенін айтты.

Қазақстан 12 қазанда Қырғызстаннан әкелінетін ет өнімдеріне уақытша шектеу қойған. Бұған "Қырғызстан аумағындағы жануарлардың ауыруы" себеп болған.

Шектеу "Риха", "Кантский хлебзавод", "Баркад", "Салих ЛТД" және "Адал-Азык" кәсіпорындарының өнімдеріне қойылған.

Осының алдында, 8 қазанда Қырғызстан Қазақстанның құс өнімдеріне аймақта "құс тұмауы" індеті жүріп жатыр" деген ақпарат бойынша шектеу қойған. Қазақстан аймақта құс тұмауы індеті таралғанын жоққа шығарып, кейін Бішкек бұл шектеуді жойған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG