Accessibility links

Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ресейге барады


АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон бүгін Ресей мен Кавказға сапарын бастайды.

Осының қарсаңында америкалық баспасөзде Вашингтон орта және шағын қашықтыққа ұшатын ядролық зымырандарды жою туралы 1987 жылы СССР-мен жасасқан келісімнен шығуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Қазанның 19-ы күні The New York Times басылымы Джон Болтон бұл туралы Ресей президенті Владимир Путинді ескертпек ниетте деп хабарлаған.

Әйткенмен, газеттің жазуынша, келісімнен шығу туралы түпкілікті шешім әлі қабылданбаған. Ақ үй журналистердің хабарларын терістеген.


Америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ билігі Ресей келісімді бұзды және Калининград тәрізді аймақтарға зымырандарын орнатып, сол маңдағы НАТО-ға мүше елдерге сес көрсетіп отыр деп санайды.

Кремль АҚШ-тың айыптауын бірнеше рет жоққа шығарып, Еуропадағы америкалық зымыранға қарсы жүйелердің элементтері келісімді бұзады деп мәлімдеген.

АҚШ пен СССР арасында орта және шағын қашықтыққа ұшатын ядролық зымырандарды жою туралы келісімге 1987 жылы СССР басшысы Михаил Горбачев пен АҚШ президенті Рональд Рейган Вашингтондағы саммитте қол қойған. Тараптар орта (1000-5500 километр) және шағын (500-1000 километр) қашықтыққа ұшатын баллистикалық және қанатты зымырандарды шығармау, сынақтан өткізбеу және көбейтпеу туралы міндеттемелер алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG