Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысындағы Сарыағаш кентінде Ресей президенті Владимир Путин және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен бейресми кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекеттер басшылары бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады» делінген ресми сайттағы ақпаратта.
Үш президент Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер жөнінде пікір алмасқан.
ПІКІРЛЕР