Accessibility links

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста төртінші рет жеңіске жетті


Қазақстандық Данияр Елеусінов (оң жақта) пен америкалық Мэтт Доэрти арасындағы жекпе-жек. Бостон, АҚШ, 20 қазан 2018 жыл.
Қазақстандық Данияр Елеусінов (оң жақта) пен америкалық Мэтт Доэрти арасындағы жекпе-жек. Бостон, АҚШ, 20 қазан 2018 жыл.

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) кәсіпқой рингте өткізген төртінші жекпе-жекте жеңіске жетті деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Елеусінов АҚШ-тың Бостон қаласындағы TD Garden аренасында америкалық боксшы Мэтт Доэртимен (8-5-1, 4 КО) кездескен. Алты раундқа жалғасады жоспарланған кездесудің бірінші раундында Елеусінов бәсекелесін техникалық нокаутпен ұтқан. Бұл 27 жастағы Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісі.

Басылымның хабарлауынша, Данияр Елеусіновтің келесі кездесуі қарашаның 24-і күні Монте-Карлода (Монако) өтеді. Бұл жолы онымен жекпе-жекке кім шығатыны әзірше белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG