Жексенбі күні Астана уақытымен сағат 11:21 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 472 шақырымда жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.
3,9 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, жердің бес километр тереңдігінде болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
ПІКІРЛЕР