Accessibility links

БАҚ: кезекті ғарыш экспедициясы желтоқсанда ұшуы мүмкін


"Союз" зымыран тасығышының Байқоңырдан ұшырылған сәті. 11 қазан 2018 жыл.

Алдын ала жоспарға сәйкес, Халықаралық ғарыш станциясына кезекті экспедиция желтоқсанның 3-і күні аттанып, қазір онда жұмыс істеп жатқан экипаж Жерге желтоқсанның 20-сында оралуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік зымыран-ғарыш саласындағы дерек көзіне сілтеме жасап РИА Новости агенттігі хабарлады.

"Әзірше күндері алдын ала белгіленді, оларды әлі апат комиссиясы 30 қазандағы отырысында бекітуі керек» деген ол.

Оның сөзінше, аталған мерзім аралығында ресейлік ғарышкерлер "Союз МС-09" бортындағы "тесікті" зерттеу үшін ашық ғарышқа шығады.


Қазанның 11-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған "Союз" зымыран тасығышы әуеге көтерілгеннен бірнеше минуттан соң апатқа ұшыраған. Зымыран тасығышқа тіркелген "Союз МС-10" ғарыш кемесі халықаралық станцияға ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейгті жеткізуі тиіс болған. Апаттан соң ғарышкерлер отырған капсула Байқоңырдан шамамен 500 километр қашықтыққа қонған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG