Accessibility links

Ақтауда "Антитеррор" оқу-жаттығуы өтті


Ақтаудағы "Антитеррор" терроризмге қарсы тактикалық оқу-жаттығуы. 22 қазан 2018 жыл.
Ақтаудағы "Антитеррор" терроризмге қарсы тактикалық оқу-жаттығуы. 22 қазан 2018 жыл.

Ақтауда қазанның 22-сі күні "Ақтау" ойын-сауық кешенінде "Антитеррор" оқу-жаттығуы өтті. Таңертеңгі сағат 7-де басталған шара үш сағатқа созылды. Оны Маңғыстау облыстық терроризммен күрес жөніндегі опертивтік штабы ұйымдастырды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, "Антитеррор" тактикалық оқу-жаттығуы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризмге қарсы іс-қимыл дайындығын тексеру мақсатында өткізілген.

Өткен сәрсенбіде "Антитеррор" жаттығуы өткізілген "Ақтау" ойын-сауық кешенінің шатырында генератордан өрт шығып, 600 адам (оның 35-і - бала) эвакуацияланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG