Accessibility links

Трамп пен Ердоған журналист өлімі ісін телефонда талқылады


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған телефонмен сөйлесіп, журналист Жамал Хашоггидің Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығы аумағында қаза табу ісін толық ашу қажет деген тоқтам жасады.

Түркиялық Anadolu ақпарат агенттігінің Түркия президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ердоған мен Трамп Хашоггидің ісі "жан-жақты тергелуі тиіс" деген уағдаластық жасасқан.

Бұған дейін Ердоған 23 қазанда диссидент журналистің өліміне қатысты "бүкіл шындықты" жайып салатынын мәлімдеген. 20 қазан күні Эр-Рияд Хашоггидің Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулығында қаза тапқанын мойындаған. Сауд Арабиясының мемлекеттік БАҚ-ы 60 жастағы журналист 2 қазан күні консулдық кеңсесінде болған "төбелес" кезінде қайтыс болғанын хабарлаған.


Саудиялық оппозициялық журналист Жамал Хашогги қазанның 2-і күні Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығына кіргеннен кейін жоғалып кеткен. Түркиялық тергеушілер Хашоггиді консулдық территориясында өлтірген деген болжам жасаған. Ел билігінің қолына түскен таспада Түркияға арнайы ұшып келген адамдардың консулдықта Хашоггиден жауап алып, кейін азаптап өлтіргенін дәлелдейтін дауыстар жазылып қалған деген ақпарат тараған.

Хашоггидің өлімі дипломатиялық жанжалға себеп болды. Журналист жоғалып кеткен соң Еуропа Одағы мен АҚШ Сауд Арабиясына қарсы санкциялар салу мүмкіндіктерін талқылауға кіріскен. АҚШ президенті Дональд Трамп егер Хашоггидің қазасының артында Сауд Арабиясы билігі тұрғаны анықталса, онда Эр-Риядқа қарсы шаралар қолданатыны туралы мәлімдеген.

Жаһан жаңалықтары: Журналистің жоғалуы Сауд Арабиясын дауға қалдырды

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG