Accessibility links

Трамп: АҚШ ядролық арсеналын күшейтуге дайын


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп 22 қазан күні журналистер алдында сөйлеп, Вашингтон АҚШ-СССР арасында 1987 жылы қол қойылған орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шығуға ниетті екенін тағы да мәлімдеді. Ол Ресейді келісімді бұзып отыр деп айыптады.

Трамп АҚШ өзінің ядролық арсеналын ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді. "АҚШ Ресей, Қытай және басқа да елдер біздің және одақтастарымыздың қауіпсіздігіне қатер төндіргені үшін жазаланатынын түсінбейінше ядролық арсеналын күшейте береді. Ресей орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою келісімін орындаған емес" деді Дональд Трамп.

Қытай АҚШ-пен мұндай келісім жасаспағандықтан, орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жасауды шектеген жоқ.

Трамп мәлімдемесін өзінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтонның Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі қарсаңында жасап отыр. Болтон 23 қазанда Мәскеуде Путинге Трамптың аталған келісімнен бас тарту туралы шешім қабылдағанын хабарлайды деп күтіліп отыр.

АҚШ пен СССР арасында орта және қысқа қашықтыққа ұшатын ядролық зымырандарды жою туралы 1987 жылы жасалған келісім АҚШ пен Ресейге радиусы 300-ден 3400 миль қашықтыққа дейін жерден ұшатын баллистикалық және қанатты зымырандарды шығаруға, сынақтан өткізуге және сақтауға тыйым салады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG