Accessibility links

Хромтау кенішінде тағы бір жұмысшы жараланды


Ақтөбе облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысындағы Дөң кен байыту комбинатының шаxтасында тағы бір жұмысшы өндірістік жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Азаттыққа облыстық еңбек инспекциясының мемлекеттік инспекторы Анат Төлегенов айтты.

Оқиға Дөң кен байыту комбинатының "Тәуелсіздіктің 10 жылдығы" атындағы шахтасында 19 қазан күні кешкі сағат сегіз шамасында болған. Шахтадағы қойманы бетке алған жұмысшы қозғалып бара жатқан вагондар мен қабырғаның арасына қыстырылып қалған. "1991 жылы туған жұмысшы Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді" деп хабарлайды еңбек инспекциясы.

Хромтау аудандық ауруханасының дәрігерлері бас-ми жарақатын алып, кеудесі қысылған жұмысшының жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Осыған дейін, 12 қазан күні дәл осы шаxтада жарылыс болып, одан 1976 жылы туған жұмысшы үйінді астында қалып қойған еді. Үш тәулік бойы Хромтау аудандық ауруxанасының жансақтау бөлімінде болған жұмысшы Ақтөбеге 16 қазан күні облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының мемлекеттік инспекторы Анат Төлегенов алдыңғы оқиға бойынша тексерудің әлі де жүріп жатқанын айтады.

Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы 19 қазан күнгі оқиғадан кейін Дөң кен байыту комбинатын арнайы комиссия тексеріп жатқанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG