Accessibility links

Болтон: Трамп пен Путин таяу уақытта кездеседі


Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон. Мәскеу, 23 қазан 2018 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон. Мәскеу, 23 қазан 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп 11 қараша күні Парижде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Бұл туралы келісім 23 қазан күні АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтонның Владимир Путинмен кездесуінде жасалды.

Болтон Путинмен келіссөзінен соң Мәскеуде "Интерфакс" агенттігінің орталық кеңсесінде баспасөз мәслихатын өткізді. Оның айтуынша, "кездесу биыл 11 қараша - Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл толғанын атап өтетін күні болады".

Джон Болтон Мәскеудің "АҚШ орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шықса әлемге қауіп төнеді" деген алаңдаушылығына "керісінше, Ресей зымырандарының Еуропа аумағында орналасқаны қауіпті" деп жауап берді.


АҚШ президентінің кеңесшісі бұған қоса Мәскеудегі келіссөзде орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісім және Дональд Трамптың одан шығу туралы шешіміне қатысты мәселелер егжей-тегжейлі талқыланғанын хабарлады.

Джон Болтон АҚШ-тың бұл шешімінің салдары жете талқыланбағанын айтты. "Вашингтон Ресей келісімді бұзып отыр деп санайтындықтан, одан шығу туралы шешім қабылдады" деп мәлімдеді Болтон.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, америкалық саясаткер Мәскеудің АҚШ-тағы президент сайлауына килігуі Ресейдің өзіне кері әсер еткеніне назар аудартқан. Оның сөзінше, Кремль "АҚШ сайлауына килігуге болмайды" деген сабақ алған. Болтон Ресейдің 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына киліккенінен сайлауға айтарлықтай кері әсері тигеніне Вашингтонда дәлел жоғын айтты. Дегенмен, бұл килігу Ресейге деген сенімсіздік тудырған. Мәскеу АҚШ-тағы сайлауға киліккенін жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG