Accessibility links

Италия премьері Ресейге қарсы санкцияны жоюға шақырды


Италия премьер-министрі Джузеппе Конте мен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 24 қазан 2018 жыл.
Италия премьер-министрі Джузеппе Конте мен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 24 қазан 2018 жыл.

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте Еуропа Одағының Ресейге қарсы санкцияларын тоқтатуға шақырып, санкцияға қарамастан Мәскеумен сауда-саттық көлемін ұлғайтуға ниетті екенін мәлімдеді. Конте 24 қазан күні Мәскеуге жасаған сапарында Ресейді әлемдегі негізгі ойыншы деп атап, Ресей президенті Владимир Путинді Италияға сапарлап қайтуға шақырды.

Джузеппе Конте 2014 жылы Украинадағы қақтығыстар басталғаннан кейін Еуропа Одағының Ресеймен қарым-қатынасын үзуі тым ұзаққа созылып кетті деп білетінін және Мәскеуге қарсы санкциялардың жойылғанын қалайтынын мәлімдеді.

Дегенмен, Конте Италия үкіметі Еуропа Одағы елдері басшыларының желтоқсанда санкция мерзімін ұзарту жайын қарайтын жиынында оған вето қоюға дайын ба деген сауалға нақты жауап бермеді. "Италия Еуропаның басқа елдерін диалог арқылы ғана алға жылжуға болатынына көз жеткізгісі келеді" деді Конте.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG