Accessibility links

Украинада тағы бір облыс "Ресей мәдени өнімдеріне" тыйым салды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Украинаның Житомир облысында "орыстілді мәдени өнімді" жария түрде көрсетуге тыйым салынды деп хабарлады УНИАН агенттігі. Тыйым салу туралы актіні облыстық кеңес депутаттарының көпшілігі қолдады.

Тыйым "Ресей Украина аумағын басып алудан толық бас тартқанға дейін" күшінде болады.

Енді облыс аумағында ресейлік фильмдерді көрсетуге, Ресей әртістерінің облысқа гастрольдік сапармен келуіне тыйым салынады. Депутаттардың пікірінше, аймақта орыс тілінің орнына украин тілінің қолданыс аясын кеңейту керек.

Қабылданған актіде мұндай шектеулерді облыстағы барлық жергілікті өзін-өзі басқару органдарында енгізу қарастырылған.

Бұған дейін мұндай тыйым Львов облысында енгізілген.

Украин тілі Украинадағы бірден бір мемлекеттік тіл саналады. Ел конституциясында орыс тілі мен басқа да аз ұлттар тілдерінің "қорғалуына және еркін дамуына" кепілдік берілген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG