Accessibility links

Сорос құрған университет Венгриядан көшуі мүмкін


Будапештегі Орталық Еуропа университетін жабуға қарсы демонстрация. Венгрия, 9 сәуір 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Будапештегі Орталық Еуропа университетін жабуға қарсы демонстрация. Венгрия, 9 сәуір 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Америкалық миллиардер әрі филантроп Джордж Сорос құрып, қаржыландыратын Орталық Еуропа университеті Будапештен Венаға ішінара көшетінін жариялады. 2019 жылы Венада университет филиалы ашылады.

Оқу орнының басшылығы Венгрия билігінің қысым жасауына байланысты университет Будапештегі жұмысын мүлдем тоқтатып, Венаға біржолата көшуі мүмкін екенін айтады.

Университет таратқан мәлімдемеде Венгрия билігінің оқу орнына 2018 жылдың 1 желтоқсанынан кейін елде қызметін жалғастыра беретініне кепілдік бермегені айтылады. Венгрияда соңғы жылдары қабылданған заңдар үкіметтік емес ұйымдар, әсіресе шетел қаржыландыратын коммерциялық емес ұйымдардың қызметін айтарлықтай шектейді. Орталық Еуропа университетінің тағы бір филиалы орналасқан Нью-Йорк штаты Венгрия билігіне осы ел заңдарын сақтау үшін Будапештегі оқу орнының қызметі туралы келісім жасасуды ұсынған. Алайда, Венгрия билігі әзірге бұдан бас тартып отыр.

Венгрия премьер-министрі, оңшыл консерватор саясаткер Виктор Орбан Венгриядан шыққан Джордж Соросты елдің ішкі ісіне араласады, оппозиция мен миграцияны қолдайды деп жиі сынап, айыптайды.

Венгрияда 2018 жылы қабылданған үкіметтік емес ұйымдар құқығын шектейтін заң "Stop Soros" деген атауға ие болған. Заң қабылданған соң Сорос құрған "Ашық қоғам" институтының кеңсесі Будапештен Берлинге көшіп кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG