Accessibility links

Питтсбургтағы синагогада болған атыстан 11 адам көз жұмды


Питтсбургтегі еврейлер қауымының діни ғимараты

27 қазанда АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Питтсбург қаласында синагогада атыс болып, ресми дерек бойынша 11 адам қаза тапқан. Діни ғимаратқа шабуыл жасаған адам кейінірек полицияға берілген.

Атыс басталмай тұрып күдікті 46 жастағы Роберт Бауэрс интернетте жазба жариялап, жоспарының себебін түсіндірген. Полиция және тергеушілер оның жазғандарынан антисемиттік және адамды жеккөрушілік байқалатынын айтқан.

Америкалық БАҚ-тың жазуынша, күдікті бұған дейін де антисемиттік жазбаларымен “танымал болған”.

Атыс болған жерде еврей қауымдастығының елеулі бөлігі тұрады.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп діни храмдарға шабуыл жасаған адамдарға өлім жазасын қолдану керек деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG