Accessibility links

Ресей әскери бөлімдерінде "жаудың байланысын үзетін" кешен орнатады


Ресей әскерилері (Көрнекі сурет).
Ресей әскерилері (Көрнекі сурет).

Ресей қорғаныс министрлігі 13 әскери бөлімде, оның ішінде Калининград облысында "Самарканд" деп аталатын радиоэлектрондық күрес кешендерін орнатады.

Әскери ведомство кешендерді әдеттегі жөндеу және монтаждауға тендер жариялады. Келісімнің бастапқы құны 61 миллион рубльді құрайды. РИА "Новости" агенттігінің хабарлауынша, барлық кешен 2019 жылдың 10 қарашасына дейін қолданысқа берілуі тиіс.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша, қарсыласпен радиоэлектрондық күрес жүргізудің жаңа техникалары Мурманск, Калининград, Нижегород, Мәскеу облыстары мен Краснодар және Приморск өлкелерінде, Еврей автономиялық облысы мен Беларусьте орнатылады.

"Самарканд" кешені 2017 жылы Солтүстік флотта қолданысқа енгізілген. Кешен сонымен қатар су бетінде жүретін барлық әскери кемелер - крейсерлер мен мина тасушы кемелерде орнатылған. Кешен қарсылас коммуникациясына кедергі келтіріп, байланысын үзу үшін қолданылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG