Accessibility links

Ливандағы бітімгерлік контингенті туралы құжат мақұлданды


Үндістанда тәжірибеден өтіп келген қазақстандық бітімгерлік күштері. Алматы, 14 сәуір 2018 жыл.
Үндістанда тәжірибеден өтіп келген қазақстандық бітімгерлік күштері. Алматы, 14 сәуір 2018 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бітімгерлік күштерін Ливанға БҰҰ бітімгерлік миссиясына қызмет етуге жіберу туралы келісімді мақұлдайтын заңға қол қойды. Бітімгерлік күштері Ливанда Үндістан қарулы күштерінің құрамында қызмет етеді.

Биыл сәуірде қорғаныс министрінің орынбасары генерал Талғат Мұхтаров парламенттегі үкімет сағатында бітімгерлік күштердің Ливандағы БҰҰ миссиясына қатысуына дайындығы туралы хабарлаған. Оның сөзінше, Ливанға миссия аясында 120-ға тарта қазақстандық жіберіледі. Ол сонымен қатар Қазақстан бұған дейін бітімгерлік күштердің қызметі туралы заң болмағандықтан шетелге бітімгер жіберілмегенін айтқан.

Қазақстанда 2015 жылы қабылданған "Бітімгерлік күштері туралы" заңға сай, қандай да бір бітімгерлік миссиясына әскер жіберу туралы президенттің шешімін парламенттің қос палатасы бірлескен отырыста қарайды. Қарулы күштерді қай миссияға жіберу, олардың саны мен қызмет ету мерзімі туралы ұсынысты үкімет президентке білдіреді. Президент бітімгерлік операциясындағы қазақстандық әскерилердің қызметін аяқтау, оларды мерзімінен бұрын қайтарып алу және жедел елге алдыру туралы шешім қабылдай алады. Қазақстандық бітімгерлік күштердің қандай да бір операцияға қатысуы мәселесі халықаралық ұйымның шешімі немесе Астана қол қойған халықаралық келісім бойынша қаралады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG