Accessibility links

Беларусьте сталиндік репрессия құрбандарын еске алды


Минск түбіндегі Курапаты тоғайында сталиндік репрессия құрбандарын еске алуға жиналған жұрт. Беларусь, 29 қазан 2018 жыл.
Минск түбіндегі Курапаты тоғайында сталиндік репрессия құрбандарын еске алуға жиналған жұрт. Беларусь, 29 қазан 2018 жыл.

Минскіде ондаған адам 1937 жылы НКВД-ның беларусь зиялы қауымының 130-дан астам өкілін, оның ішінде танымал 22 ақын-жазушыны атып тастағанына 81 жыл болғанына орай еске алу жиынын өткізді.

29 қазан күні кешке 100 шақты адам НКВД жендеттері сталиндік террор кезінде зиялы адамдарды атқан Минск түбіндегі Курапаты тоғайына еске алуға жиналды.

Бұдан бөлек, жиырма шақты адам Минскіде КГБ-ның штаб-пәтері алдына жиналып, қуғын-сүргін құрбандарын еске алып шам жақты.

Әрқилы есеп бойынша, Беларусьте 600 мыңнан 1,5 миллионға дейін адам сталиндік репрессия құрбаны болған.

29 қазанда Ресейде де сталиндік репрессия құрбандарын еске алу жиындары өтті.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG