Accessibility links

ФСБ: Татарстанда "теракт жасамақ болғандар" ұсталды


Ресейдегі ФСб қызметкері (Көрнекі сурет).
Ресейдегі ФСб қызметкері (Көрнекі сурет).

Татарстанда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен астыртын байланыста болды деген террорлық топтың күдікті 18 мүшесі ұсталды. Idel.Реалии сайтының хабарлауынша, бұл туралы ақпаратты Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қоғамдық байланыс орталығы таратты.

"Набережные Челны қаласында жасырын орыннан қару-жарақты тәркілеу кезінде топтың бір мүшесі айғақ затпен ұсталды. Осымен бір мезетте топтың алты мүшесі мен олардың ықпалына түскен 11 адам ұсталды. 18 мекенжайды тінту кезінде атыс қарулары мен олардың оқ-дәрілері, экстремистік әдебиеттер және "Ислам мемлекеті" ұйымының белгілері табылды" делінген хабарламада.

Тергеу мәліметінше, ұсталғандар ел аумағында "қоғам назарына ілінетін акциялар" жасауға дайындалған және терроршылар жағында соғысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.

"Олар осы мақсатта радикалдық көңіл-күйдегі жастарды қатарына тартып, қаржы жинаған" делінген ФСБ қоғамдық байланыс орталығының хабарламасында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG