Accessibility links

"Америка даусы" радиосының Стамбулда ұсталған журналисін босатты


Малик Мансур.
Малик Мансур.

Түркияда ұсталған "Америка дауысы" радиосы Өзбек қызметінің журналисі Малик Мансур (Абдумалик Бабаев) Стамбулда қолхат жазып, қамаудан босатылды. Бұл туралы 30 қазанда Малик Мансурдың өзі хабарлады. "Кеше мені Леванд түрмесінен босатып, Стамбулдағы полицияның терроризммен күрес басқармасына алып келді. Менен Түркиядан кетпеу жөнінде қолхат жазып алып, босатты" деді журналист.

Оған сонымен бірге журналистік қызметімен айналысуға уақытша тыйым салды.

"Америка даусы" радиосының тілшісі Малик Мансур 28 қазанда Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығы алдында митингке қатысушыларды суретке түсіру кезінде ұсталған. Мансур митингке ондаған журналист қатысқанын, бірақ полиция тек өзін қамауға алғанын айтады.

"Америка даусы" радиосы Өзбек қызметінің басшысы Жавдат Сайхан журналистің қамауға алынғанына алаңдаушылық білдірген. "Малик Манскр Түркияда қызмет бабымен сапарда жүрген еді. Ол Түркияда тұрып жатқан өзбектердің өмірінен репортаж дайындаған. "Түркиядағы өзбектер" ұйымының басшысы Адем Чевик Сауд Арабиясы консулдығы алдында Washington Post газетінің журналисі Жамал Хашоггидің өліміне қатысты ұстанымын білдіргенде ұсталғаны алаңдаушылық туғызады" деген Жавдат Сайхан.

2002 жылдан бері "Америка даусы" радиосында жұмыс істейтін Малик Мансур 2011 жылы Өзбекстаннан кетуге мәжбүр болған. Оған "өзбек халқын кемсітті" деген айыппен қылмыстық іс қозғаған. Осыдан кейін Малик Мансур Германиядан саяси баспана алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG