Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы ұйымның Сириядағы өкілдігіне кандидатты атады


Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы.
Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Қауіпсіздік кеңесіне Норвегия дипломаты Гейр Педерсенді Сирия жөніндегі арнайы өкіл қылып тағайындау ниеті барын хабарлады.

Гутерриштің сөзінше, Педерсен Сириядағы жеті жылға созылған соғыстың аяқталуына үлес қосып, БҰҰ-ның "қақтығысты саяси жолмен шешу талпынысына" жәрдемдесе алады. Гутерриш халықаралық қауымдастық пен Сирия билігін Педерсенге "жан-жақты қолдау көрсетуге" шақырды.

Қазір Гейр Педерсен Норвегияның Қытайдағы елшісі қызметін атқарады. Бұған дейін ол Норвегияның БҰҰ-дағы елшісі болған.

БҰҰ-ның Сирия мәселелері бойынша өкілі Стаффан де Мистура бұған дейін қарашаның соңында "жеке себептерге байланысты" қызметінен кететінін жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG