Accessibility links

Мәжіліс кинематография туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады


Парламент мәжілісінің отырысы, Астана (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісінің отырысы, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі қазанның 31-і күні "Кинематография туралы" заң жобасы мен оған түзетулер енгізу жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Бұған дейін заң жобасын мәжілісте таныстырған мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жобада "кино қорын" құру және фильм түсіруші студияларға осы қор арқылы қаражат бөлу қарастырылғанын айтқан. Оның сөзінше, студиялар кино түсіруге қажетті қаражаттың жартысын өздері табуға міндеттеледі.

Бұдан бөлек, заң жобасында кинематографистер құқығы, "Қазақфильм" киностудиясы аумағында еркін экономикалық аймақ құру, шетелдік өнімдерді қазақ тіліне аудару, қазақ тіліндегі фильмдердің көрсетілу уақытын анықтау жайы да қарастырылған.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағында фильмдерді жүйелеп, тіркеу мақсатында фильм прокатына мониторинг жасайтын ақпараттық жүйе құру жоспарланып отыр.

Мәжіліс бұған дейін заң жобасы мен оған түзетулер енгізуді алғашқы оқылымда қыркүйектің 19-ы күні мақұлдаған.

AzattyqLIVE: Арнайы заң кино өндірісін реттей ала ма?

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG