Accessibility links

ФСБ ғимаратындағы жарылыстан соң терроризм бабы бойынша іс қозғалды


Архангельскіде жарылыс болған ФСБ ғимараты алдында жұмыс істеп жатқан дәрігерлер. Ресей, 31 қазан 2018 жыл.
Архангельскіде жарылыс болған ФСБ ғимараты алдында жұмыс істеп жатқан дәрігерлер. Ресей, 31 қазан 2018 жыл.

Ресей Тергеу комитеті Архангельскідегі Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) басқармасының ғимаратында болған жарылысқа байланысты "терроризм" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алдын-ала ақпарат бойынша, жарылыстан 17 жастағы жергілікті тұрғын қаза тапты. Ол басқармаға қолдан жасалған жарылғыш затты алып келген. Жарылыстан ФСБ-ның үш офицері жараланды.

Архангельск облысының губернаторы Игорь Орлов күш құрылымдары жарылыстан соң қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын күшейткенін хабарлады.

Мұның алдында Ұлттық антитеррорлық комитет басқармадағы жарылыстан соң ғимараттағы адамдардың эвакуацияланғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG