Accessibility links

Трамп: Мексикамен шекарадағы әскер санын көбейтеміз


Гондурастан шыққан мигранттар жүк көлігімен Мексиканың АҚШ-пен шекарасына кетіп барады. Мексика, 30 қазан 2018 жыл.
Гондурастан шыққан мигранттар жүк көлігімен Мексиканың АҚШ-пен шекарасына кетіп барады. Мексика, 30 қазан 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Мексикамен шекарасына 15 мың әскери қызметкер жөнелтуді жоспарлап отыр. Бұл - АҚШ-тың қазір Ауғанстанда қызмет ететін әскері санына тең.

Әскерилер шекаралық аймақтарда шекара және иммиграциялық қызмет қызметкерлеріне көмектеседі. Қазір АҚШ-тың оңтүстік шекарасында бес мыңнан астам әскери қызметкер мен екі мыңнан астам Ұлттық гвардия сарбаздары орналасқан.

АҚШ заңдары бойынша әскерилерге құқық қорғау органдарының міндеттерін тікелей атқаруға тыйым салынған. Алайда, армия құқық қорғау органдарына тәртіпсіздікпен күресте және табиғи апаттар салдарын жоюда көмек көрсете алады.


Сарапшылар алдағы аптада АҚШ Конгрессіне болатын аралық сайлауда Ақ үй әкімшілігінің саясаты сынға түседі деп болжайды. Дональд Трамп бұған дейін иммиграция мәселесіне қатысты өзінің ұстанымы - Конгресс сайлауында басты тақырып болатынын айқын білдірген.

Трамп бірер күн бұрын ел конституциясындағы АҚШ-та туған кез-келген адамға америка азаматтығын алуға құқық беретін ережені бір ғана жарлығымен жояға құзыреті барын мәлімдеген. Трамп 31 қазан күні Флорида штатында журналистермен әңгімесінде мигранттары АҚШ-қа лек-легімен бет алған Латын Америкасы елдеріне көмек көрсетуді тоқтатуы мүмкін екенін ескерткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG