Accessibility links

Алматы: "Адем" сауда үйінің жанында 3 мың шаршы метрге жуық аумақ өртенді


"Адем" сауда үйінің артында қоймалардан шыққан өртті сөндіруге барған арнайы көліктер. Алматы, 1 қараша 2018 жыл.
"Адем" сауда үйінің артында қоймалардан шыққан өртті сөндіруге барған арнайы көліктер. Алматы, 1 қараша 2018 жыл.

Алматыда Солтүстік айналма жолының бойында орналасқан "Адем" сауда үйінің артында қоймалардан шыққан өрт сөндірілді. Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісіне Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, шамамен аумағы 2950 шаршы метр жерді өрт шалған. Өрттің неден шыққаны, қанша қойма өртенгені әзірге белгісіз.

Өрт басталғаны туралы хабар сағат 13:41-де түскен.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, бір-біріне жапсарлас салынған екі қабатты қос ғимараттың бірі өртеніп кетті. Ғимараттың жартысы қойма, қалған бөлігі базардың әкімшілік кеңсесі болған. Өрт сөндірушілер ғимараттың қабырғалары құлап, шатыры түгел жанып кеткендіктен, іштегі заттарға да от тиген болуы мүмкін дейді. Зардап шеккен адам жоқ, шығын көлемі әзірге белгісіз.

Өрт сөндірушілер қоймаларға ешкімді кіргізбеді. Оқиға орнында жүрген кейбір адамдар қоймаларда тауарлары қалып қойғанын айтып жатты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG