Accessibility links

Шымкентте "туыстарын өлтірген" жігіт 15 жылға сотталды


Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абинұр Қарабаев Райымбек Рахатқа үкім оқып тұр. Шымкент, 1 қараша 2018 жыл.

Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық соты "туған анасы мен нағашы атасын пышақтап өлтірген" 24 жастағы Райымбек Раxатты 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, судья Абинұр Қарабаев 1994 жылы туған Райымбек Раxатты Қылмыстық кодекстің 99-бабымен ("адам өлтіру") айыпты деп тану және жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім кесті.

Сот материалдары бойынша, Райымбек Раxат биыл сәуірдің 3-і күні күні "өз үйінде анасы мен нағашы атасын асxана пышағымен өлтірген" деген күдікпен қамауға алынған. Ол бұрын сотталмаған, үйленбеген.

Сотта көзіне жас алған сотталушы Райымбек Раxат тағылған айыппен келіспейтінін айтты.

Сотталушының туыстары Азаттыққа тергеу амалдары "дұрыс жүргізілмегенін", апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.


  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG