Accessibility links

Дамирбек Асылбекуулуның ісі бойынша негізгі сот тыңдауы басталды


Қырғызстанның бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулуның ісі бойынша сотталушылар (темір торда) мен олардың адвокаттары (үстелде отыр). Алматы, 2 қараша 2018 жыл.
Қырғызстанның бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулуның ісі бойынша сотталушылар (темір торда) мен олардың адвокаттары (үстелде отыр). Алматы, 2 қараша 2018 жыл.

Алматыда Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулуның ісі бойынша сотта негізгі тыңдау басталды. Істі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. 19 қазан күні бұл іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп, негізгі сот процесін өткізу тәртібі анықталған. Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, істі судья Бақытхан Бақырбаев жүргізіп отыр. Сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде екі прокурор қатысып отыр.

Сотқа Қырғызстаннан Дамирбек Асылбекуулуның туыстары мен Қырғызстан парламентінен бірнеше депутат келді. Сот ашық өтіп жатыр.

Дамирбек Асылбекуулу 2018 жылы 15-16 ақпан күндері сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында өткен арнайы операция барысында ұсталған. Арнайы операцияда ұсталған 35 адамның арасында кеден органдары, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер болған. Ұсталғандардың үшеуі – Қырғызстан азаматы.

Бұл іс бойынша Асылбекуулунан өзге 11 адам сотқа тартылған.

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты 17 ақпанда Қырғызстан азаматтарын екі айға қамау туралы шешім шығарып, кейін қамау мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Тергеу ұсталғандарды ұсталғандарды “шекарадан контрабандалық тауар өткізбек болды" және “трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты” деп күдіктенеді.

16 сәуірде Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы “өзге ел азаматтығын алған болуы мүмкін” деген себеппен Асылбекуулун депутаттық мандатынан айырған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты кім еді?

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Асылбекуулуның қазақстандық паспорты барын айтқан. Асылбекуулуның туыстары бұл мәліметті жоққа шығарып, қамауды біреулердің бұрынғы депутатпен "есеп айырысуы" деп бағалаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG