Accessibility links

БАҚ: АҚШ Иранға санкция салуда жеңілдік жасауға дайын


Парсы шығанағындағы мұнай платформасы фонында тұрған Иран туы (Көрнекі сурет).

АҚШ Иранға санкция салу мәселесінде жеңілдік жасауға дайын. Бұл туралы хабарлаған Bloomberg агенттігі дереккөзінің мәліметінше, Вашингтон арасында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея мен Үндістан бар - барлығы сегіз мемлекеттің Ираннан мұнай сатып алуына қарсы емес. Мұның есесіне, сегіз ел мұнай импорты көлемін азайтуы тиіс. Сонда ғана мұнай бағасын қымбаттатпауға болады.

АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қаржы министрлігі БАҚ-тағы Иранға салынатын санкцияны жеңілдетуге қатысты ақпаратқа комментарий бермеді. Bloomberg-тің мәліметінше, санкция шарттарының өзгеретіні туралы ресми түрде қарашаның 2-і күні жария болады. Агенттік жеңілдік уақытша ғана жасалатынын айтады. АҚШ жеңілдік жасалған елдер келешекте Ираннан мұнай сатып алуды қысқартады деп үміттенеді.

Вашингтон биыл мамырда Батыс елдері Иранмен 2015 жылы жасаған ядролық бағдарламаны дамытпау келісімінен шығып кеткен соң бұрынғы санкцияларды қайта салып жатыр.

АҚШ пен Израиль билігі президент Барак Обама кезінде жасалған ядролық келісім ирандықтардың ядролық қару жасауға құпия түрде қаржы жинауына мүмкіндік тудырды деп біледі. Тегеран бұл айыпты терістейді. Еуропа Одағы Иранмен жасалған келісімді қолдап, АҚШ-тың өз бетінше салған санкциясынан айналып өту шараларын дайындайтынын мәлімдеген. Ресей мен Қытай да Иранмен ядролық келісімді сақтап қалуды қолдайды.

Оқи отырыңыз: Қытай мен Үндістан Ираннан мұнай ала бермек

АҚШ-тың Иранның мұнай саласына салған санкциялары қарашаның 5-інде күшіне енеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG