Трамп әкімшілігі 2015 жылы күшін жойған Иранға қатысты барлық санкцияны қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Ақ үйдің таратқан мәлімдемесінде санкциялардың бүрынғыға қарағанда қатаятыны және Иранның кеме қатынасы, энергетика және банктеріне қарсы бағытталатыны айтылған.
Алайда жаңа санкциялар Иран мұнайын импорттайтын сегіз елге әсер етпейді. АҚШ Иранмен жасаған бұл сияқты келісімнен 2018 жылы мамыр айында шыққан.
Трамп сол кезде бұл Америкаға зиян келтіреді деп мәлімдеген. Содан бері АҚШ күші жойылған санкцияларды біртіндеп қайтара бастаған.
Сарапшылардың ойынша, Вашингтонның бұл әрекеті Иран экономикасының негізгі салаларына үлкен зиян келтіреді.
ПІКІРЛЕР