Accessibility links

Шорт-трекші Ажғалиев әлем кубогында күміс алды


Қазақстан шорт-трек құрамасының мүшесі Абзал Ажғалиев.
Қазақстан шорт-трек құрамасының мүшесі Абзал Ажғалиев.

Канаданың Калгари қаласында шорт-тректен әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстан спортшысы Абзал Ажғалиев 500 метрлік жарыста күміс алды. Алтын жүлдені Қытай спортшысы Ву Дажинг, қола жүлдені венгриялық Шаолинь Шандор Лю иеленді.

26 жастағы Ажғалиев 2014 және 2018 жылдары өткен олимпиада ойындарына қатысқан. 2016 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем кубогы кезеңінде 500 метрлік жарыста алтын иеленген.

Биылғы әлем кубогы бес кезеңнен тұрады. Екінші этап 9-11 қарашада Солт-Лейк-Ситиде, үшінші кезең 7-9 желтоқсанда Алматыда өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG