Accessibility links

Украинада шабуылдан жараланған белсенді қайтыс болды


Катерина Гандзюк, украиналық азаматтық белсенді
Катерина Гандзюк, украиналық азаматтық белсенді

Украиналық белсенді әрі Херсон қаласы әкімінің кеңесшісі Катерина Гандзюк белгісіз адамның бетіне күкірт қышқылын шашқаннан түскен күйіктен қайтыс болды. 33 жастағы Гандзюк Киевтегі ауруханада көз жұмды. Ол ауруханада үш ай бұрын, бетіне қышқыл шашқан соң жеткізілген. Белсендінің қайтыс болғанын оның әріптестері мен ресми адамдар хабарлады.

Гандзюктің жүздеген жақтасы 4 қараша күні кешке Украина Сыртқы істер министрлігінің алдына жиналып, оның өліміне кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті.

Полициядағы сыбайлас жемқорлықты қатаң сынап жүрген Катерина Гандзюкке 31 шілде күні Херсондағы үйінің жанында белгісіз біреу бетіне күкірт қышқылын шашып кеткен.

Құқық қорғаушылар Гандзюкке шабуыл жасау ісін мұқият тергеуді талап етеді және қастандыққа күш құрылымдары қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деп топшылайды.

Украина президенті Петр Порошенко Түркияға сапары кезінде Гандзюктің отбасына көңіл айтып, құқық қорғау органдарын кінәлілерді жауапқа тартудың барлық шарасын жасауға шақырды. Гандзюкке шабуыл жасауға қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталған, алайда, шабуылды кім ұйымдастырғаны хабарланбады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG