Accessibility links

Reuters: "Талибан" Мәскеудегі келіссөзге қатысатын болды


Ауғанстандағы "Талибан" жасақтары (Көрнекі сурет)
Ауғанстандағы "Талибан" жасақтары (Көрнекі сурет)

Ауғанстандағы "Талибан" өкілдері Мәскеуде өтетін бейбіт келіссөзге қатысатын болды. Бұл туралы Reuters агенттігі "Талибан" қозғалысы өкіліне сілтеме жасап хабарлады. Бірақ қозғалыс әлі ресми түрде келісім бермеген.

Ресей бұл жиынға 12 елдің, оның ішінде "Талибан" қозғалысы өкілдерін шақырған. Бұл келіссөзге Иран, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан өкілдері қатысуға келісім берген. Ауғанстан билігі мен АҚШ Кремль ұйымдастырып отырған бұл шарадан бас тартқан.

АҚШ Ресейді тәліптерге қару-жарақ жеткізіп отыр деп бірнеше рет айыптаған.

2003 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі, кейін Ресей Жоғарғы соты "Талибан" қозғалысын террорлық ұйым деп таныған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG