Accessibility links

БАҚ: Франция Сирия арнайы қызметі басшыларын қамауға ордер берді


Сириялық босқындар (Көрнекі сурет).
Сириялық босқындар (Көрнекі сурет).

Франция билігі Сирия арнайы қызметінің жоғары лауазымды үш шенеунігін қамауға алу туралы ордер берді. Бұл жөнінде франциялық Le Monde газеті жазды. Басылым ақпаратына қарағанда, француз билігі сириялық шенеуніктер адамзатқа қарсы қылмыс жасады және кісіні азаптады деп күдіктенеді.

Айыпталушылар арасында Сирия Ұлттық қауіпсіздік бюросының басшысы Али Мамлюк те бар.

Сирия билігі өкілдерінің үстінен тергеу жүргізуге 2016 жылы Францияда тұратын Сирия азаматының өтініші себеп болған. Ол Сирияда жоғалып кеткен екі туысын іздеуді сұраған. Арыз берушінің айтуынша, туыстарын Сирия арнайы қызметі ұстаған. Le Monde газетінің мәліметі бойынша, 2018 жылы Сирия билігі жоғалып кеткен екі азамат та жүрек талмасынан қайтыс болды деп мәлімдеген. Бірақ ресми Париж екі азамат азаптаудан көз жұмуы мүмкін деп күдіктенеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG