Accessibility links

Польшада іс басындағы партия мэр сайлауында жеңіліп жатыр


Ярослав Качиньский, "Құқық және әділеттілік" партиясының төрағасы.
Ярослав Качиньский, "Құқық және әділеттілік" партиясының төрағасы.

Польшаның іс басындағы "Құқық және әділеттілік" партиясының өкілдері мэр сайлауында жеңіліп жатыр. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұны 4 қараша күні өткен сайлаудың алдын-ала қорытындысы көрсетіп отыр. Жүзден астам елді мекенде, оның ішінде ірі қалаларда сайлаудың екінші кезеңінде оппозициялық күштердің өкілдері алда келеді.

21 қазанда центристік Азаматтық платформа басқаратын оппозициялық коалиция Варшава мен Вроцлав, Познань және Лодзь сияқты маңызды қалалардағы мэр сайлауында жеңген. Көптеген елді мекенде мэр сайлауының екінші кезеңі белгіленген.

4 қараша күні жергілікті өкілді органдарға да сайлау өтіп, онда биліктегі партия жеңді. "Құқық және әділеттілік" партиясы 32 пайыздан астам дауыс жинағанымен, жалпы нәтиже күткендегіден төмен болды.

Еуропа Одағы басшылары мен польшалық оппозиционерлер соңғы жылдары Ярослав Качинский басқаратын "Құқық және әділеттілік" партиясын еуропаның фундаменталдық принциптерін бұзбақ болған әрекеті үшін ашық сынап жүр. Өткен айда Еуропа Одағының соты Польшаны Жоғарғы сотты реформалауын тоқтатуға және билік партиясының саясатынан қызметінен кетіп қалған судьяларды қайтадан жұмысқа алуға міндеттеген. Құқық қорғаушылар Польша билігінің саясаты салдарынан сот билігі тәуелсіздігінен айырылады деп қауіптенеді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG