Accessibility links

Бішкек: Асылбекуулуның қылмыстық топқа қатысы бары туралы ақпарат жоқ


Дамирбек Асылбекуулу сотта отыр. Алматы, 2 қараша 2018 жыл.
Дамирбек Асылбекуулу сотта отыр. Алматы, 2 қараша 2018 жыл.

Қырғызстан Ішкі істер министрлігіне бұрынғы парламент депутаты, Қазақстанда контрабанда айыбы бойынша сотталып жатқан Дамирбек Асылбекуулуның қандай да бір қылмыстық топқа қатысы бары жөнінде бұған дейін ешқандай мәлімет түспеді. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне министрліктің баспасөз хатшысы Бақыт Сеитов мәлімдеді.

"Депутаттыққа түсер алдында тіркеу кезінде Орталық сайлау комиссиясы бізге тізім жіберіп, анықтайды. Егер ол адам сотталмаған болса, қылмысы жоқ болса, депутаттыққа тіркеледі. Оның қылмыстық топқа қатысы бары жөнінде бізде ешқандай мәлімет жоқ" деді Сеитов.

Алматыда 2 қараша күні Қырғызстан Жогорку Кеңешінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулуның үстінен сот басталған. Ол "трансұлттық қылмыстық топ құрып, басқарды" және "экономикалық контрабандамен айналысты" деп айыпталып отыр. Бұл іс бойынша Асылбекуулунан өзге 11 адам сотқа тартылған.

Дамирбек Асылбекуулу 2018 жылы 15-16 ақпан күндері сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында өткен арнайы операция барысында ұсталған. Арнайы операцияда ұсталған 35 адамның арасында кеден органдары, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер бар. Ұсталғандардың үшеуі – Қырғызстан азаматы.

16 сәуірде Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы “өзге ел азаматтығын алған болуы мүмкін” деген себеппен Асылбекуулун депутаттық мандатынан айырған. Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Асылбекуулуның қазақстандық паспорты барын айтқан.

19 қазанда өткен алдын-ала сот тыңдауында Дамирбек Асылбекуулу өзінің Қырғызстан азаматы екенін мәлімдеп, Қырғызстанда соттауын сұраған. Бірақ сот оның өтінішін қанағаттандырмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG