Accessibility links

Макрон: Еуропа өз армиясын құруы керек


Эммануэль Макрон, Франция президенті.
Эммануэль Макрон, Франция президенті.

Еуропада Ресей, Қытай, тіпті АҚШ-тан қорғанатын өз армиясы болуы керек. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Europe 1 радиосына берген сұхбатында айтты. Макронның сөзінше, Еуропа елдері АҚШ-тан тәуелсіз және дербес қимылдайтын өзінің біртұтас қарулы күштерін құруы керек.

Макрон Еуропаның шекаралас аймақтарында авторитарлық елдер саны артып бара жатқанын, олардың Еуропадағы демократия мен құрлықтың киберкеңістігіне қауіп төндіретінін айтты.

Франция президенті бұған қоса АҚШ президенті Дональд Трамп орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою жөніндегі келісімнен шығу жоспарын жариялаған соң Еуропаға өз армиясы керектігі айқын біліне бастағанын да мәлімдеді.

Биыл маусым айында Еуропа комиссиясы 2027 жылға дейін Еуропа Одағының қорғанысын күшейту үшін 13 миллиард еуро бөлуді ұсынған. Қаржы технология мен құрал-жабдыққа, оның ішінде компьютерлік шифрлеу технологиясы мен ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды жетілдіруге жұмсалады.

НАТО мен Еуропа Одағы бұған дейін қақтығыс болған жағдайда ЕО елдері арасындағы шекара одақтастар әскерінің жедел қимылдауына кедергі келтіретіндіктен Ресей әскерін қажет жерге жылдам орналастыра алуы мүмкін деген қауіп білдірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG