Accessibility links

ЕҚЫҰ сынына министр Абаев келіспейтінін айтты


Астанада басталған Орталық Азия медиа-конференциясы. Астана, 7 қараша, 2018 жыл.
Астанада басталған Орталық Азия медиа-конференциясы. Астана, 7 қараша, 2018 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Арлем Дезирдің сөзінше, Орталық Азия аймағындағы журналистер жиі қысымға ұшырайды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы Арлем Дезир Астанада бүгін басталған БАҚ жөніндегі XX Орталық Азия медиа-конференциясында мәлімдеген.

- Аймақтағы журналистердің белгілі бір қысым астында жұмыс істейтіні байқалады. Оларға, әсіресе, биліктен ақпарат алу қиын. Журналистер саяси мәселелерді, жемқорлық пен жекелеген пікірлерді хабарлауға сескенеді. Егер, жариялай қалса қысымға ұшырауы мүмкін. Сот процестері кезінде журналистерге әділетсіз шешім шығатыны, негізсіз айыппұл салынып, тіпті, қамауға да алынатынын да байқаймыз, - деді жиында сөйлеген Арлем Дезир.

Алайда Қазақстанның Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев бұл пікірмен келіспейтінін байқатты. Журналистердің сөз бостандығына қатысты сұрағына министр "жекелеген жағдайлар болуы мүмкін, бірақ сіздерге пікір білдіргенімнің өзі сөз бостандығының индикаторы емес пе?" деп жауап берді.

Орталық Азияда журналистер "биліктен жасқанады"
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:07 0:00

Екі күнге созылған жиынның тақырыбы – "Журналистика болашағы". Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Моңғолиядан өкілдер келді. Жиында фейк ақпаратпен күрес, сапалы ақпарат мәселесінен өзге Қазақстандағы сөз бостандығы 2010 жылғы Астана саммитінен соң қалай өзгергені талқыланып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG