Accessibility links

Украина шекарасынан заңсыз өткендерге түрме жазасы кесіледі


Украина президенті Петр Порошенко.
Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко мемлекеттік шекараны кесіп өткен "агрессор мемлекеттің" азаматтарын қылмыстық жауапқа тартатын заң жобасына қол қойды. Бұл туралы ақпарат қазанда заң жобасын қолдаған Жоғарғы Раданың ресми сайтында жарияланды.

Заң жобасы бойынша, шекараны бір рет заңсыз кесіп өткендер – үш жылға, екінші рет өткендер – бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қару қолданылса шекарадан заңсыз өткен азаматтарға 5-8 жылға дейін түрме жазасы кесіледі.

Мұндай жауапкершілікке кеден бекетінен құжатсыз я жалған құжатпен өтуге тырысқан азаматтар да тартылады.

Украина "агрессор мемлекет" деп Ресейді айтады. Бұл заң Ресей мен оған мүдделес мемлекеттің азаматтарына қатысты.

Соңғы жылдары Киев аннексияланып алынған Қырымға өзінің рұқсатынсыз барған жүздеген ресейлік азаматқа Украинаға кіруге тыйым салған.

Ресей Украинаның құрамындағы Қырым автономиялық республикасын 2014 жылдың наурызында аннексиялап алған. Батыс елдері бұл әрекеті үшін Кремльді сөгіп, санкциялар салған. Ресейдің өзі мұны "тарихи әділдік орнату" деп атайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG