Accessibility links

Тәжікстан түрмесіндегі бүлік кезінде бірнеше адам қаза тапқан


Тәжікстанның солтүстігіндегі түрме. Көрнекі сурет.
Тәжікстанның солтүстігіндегі түрме. Көрнекі сурет.

Тәжікстанның Худжанд қаласында орналасқан қатаң режимдегі түрмедегі бүлікті басу кезінде бірнеше адам қаза тапқан. Кейбір басылымдар "13 адамның мерт болғанын" жазады.

Сотталушылар наразылығы қарашаның 8-іне қараған түні басталған. Оған не себеп болғаны айтылмайды.

Азаттықтың Тәжік қызметіне сұхбат берген есімін айтпаған адам абақтыға арнайы милиция жасағы кіргізілгенін айтты. "Бүлік шығарғандардың қолында суық қару болған. Қазір оқиғаның неден басталғаны анықталып жатыр" деді ол.

"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны әлі нақты емес. Мендегі ақпарат бойынша, түрмеден қашып шықпақ болған бірнеше адам жарақаттанған. Кейбір сотталғандар абақты аумағынан шығып үлгерген" дейді ол.

Худжанд қалалық жазасын өтеу мекемелері басқармасы 7 қарашада "кешке оқ атылды" деген деректі растамады. Бірақ түрмеде дабыл қағылғанын айтты. Куәгерлердің сөзінше, Душанбеде, Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы трассаларда күзет күшейген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG