Accessibility links

Тарифті "негізсіз өсірген" шымкенттік компанияға айыппұл салынды


Шымкент қаласы. Көрнекі сурет.
Шымкент қаласы. Көрнекі сурет.

Шымкент қаласы және Түркістан облысының прокуратурасы "Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр қуаты тарифін негізсіз қымбаттатқанын анықтаған. Бұл туралы Азаттыққа облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратураның мәліметінше, компания "2015-2017 жылдары Шымкент қаласы мен Түркістан облысында электр энергиясы тарифін негізсіз көтерген".

Ресми мәлімдемеде "компания жұмысшылардың медициналық байқаудан өту қызметі" деп тарифтік сметаға 6,8 миллион теңге негізсіз қосу арқылы электр қуаты тарифін өсірген" деп жазылған. Прокуратура "Оңтүстік Жарық Транзит" мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында заң талаптарын сақтамай, 13,3 миллион теңге мөлшерінде міндетті салықты есепке енгізбеген" деп хабарлады.

"Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 22,6 миллион теңге компенсациялық тариф енгізілген.

Компания әкімшілік құқұқ бұзушылық туралы кодекстің 164-бабы (табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген міндеттерді орындамау) негізінде жауапкершілікке тартылып - 2 миллион теңге, 278-бабы (салықты кемітіп көрсету) бойынша 6 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG