Accessibility links

Шымкентте ВИЧ жұқтырған 44 әйел сәбилі болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Биыл Шымкент қаласы мен Түркістан облысында ВИЧ жұқтырған 44 әйел босанған. Бұл туралы Азаттыққа Шымкент қалалық СПИД орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Маширов айтты.

Қожахмет Машировтің сөзінше, 44 әйелдің біреуі егіз бала тапқан. Барлық баланың денсаулығы жақсы, ВИЧ жұқтырмаған. "ВИЧ жұқтырған" 13 әйел сәби күтіп отыр.

"Осы уақытқа дейін ВИЧ жұқтырған әйелдерден 535 бала дүниеге келді. Олар дүниеге келгеннен есепке алынып, бір жарым жыл дәрігердің бақылауында болады. Қазіргі уақытқа дейін есепке алынған 535 баланың 520-сы есептен шығарылды. 15 баладан ВИЧ табылды. Қалғаны әлі тіркеуде тұр" дейді бас дәрігердің орынбасары.

Қожахмет Машировтің айтуынша, әйелдердің жүкті кезінде дәрілерді уақтылы ішпегендіктен және жүктілік кезінде емханаға келіп тексерілмегендіктен жаңадан туған балалар ВИЧ жұқтырған.

Оқи отырыңыз: ВИЧ жұқтырған жүкті әйелдердің тағдыры

Шымкент қалалық СПИД орталығы Шымкент қаласы және Түркістан облысында ВИЧ жұқтырған тұрғындарды тіркеуге алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG