Accessibility links

Калифорниядағы атыстан 13 адам мерт болған


Атыс болған аймақ. Таузенд-Окс. 7 қараша 2018 жыл.

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының маңындағы барда болған атыстан кем дегенде 13 адам мерт болып, 12 адам жарақаттанған. Бұл туралы әлемдік ақпарат агенттіктері хабарлады. Қаза тапқандардың арасында барға шабуыл жасаған ер адам да бар.

Оқиға 7 қарашада Таузенд-Окс қаласындағы Borderline Bar & Grill барында болған. Los Angeles Times газетінің хабарлауынша, шабуыл жасаған адам барға тұншықтыратын газ баллон лақтырып, кейін 30 рет оқып атқан.

Оқиғаға қатысты ФБР тексеру жүргізіп жатыр. Оқ атқан адамның есімі жарияланған жоқ.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:40 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG