Accessibility links

Әзербайжан банкі экс-төрағасының әйелі кепіл қойып, босап шықты


Замира Гаджиева.
Замира Гаджиева.

Халықаралық Әзербайжан банкі экс-төрағасының әйелі Замира Гаджиева Лондон сотына кепіл қойып, босап шықты. Harrods сауда үйінде 16 миллион фунт жаратып, 20 миллион фунтқа жылжымайтын мүлік алған Гаджиеваны полиция өткен аптада ұстаған. Әзербайжан оны ақша жымқырған деп айыптайды.

Қазір Британ полициясы экс-төрағаның әйелі мұнша ақшаны қайдан алғанын анықтап жатыр. Оған ақшаны заңсыз иемдену бабы бойынша айып тағылған. 500 мың фунт кепіл төлеп, босап шыққан ол күнде полицияға барып, белгіленіп тұруы керек.

Замира Хаджиева 55 жаста. Гаджиеваның кейеуі Жахангир Гаджиев 2001-2015 жылдары "Әзербайжан халықаралық банкі" басқару кеңесінің төрағасы болған.

2016 жылы "алаяқтық жасады, мемлекет қаржысын талан-таражға салды, мемлекет қазынасынан миллиардтаған доллар жымқырды" деп айыпталып, 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұған қоса Гаджиев 29 миллион доллар көлеміндегі қаржыны мемлекетке төлеуге міндеттелген. Жахангир Гаджиев өзіне тағылған айыптарды мойындамаған.

Гаджиевтың әйелі Әзербайжаннан кетіп, "инвестор визасы" арқылы Ұлыбританияда тұрақты тұруға мүмкіндік алған. Кейіннен Лондонның ірі дүкендерінің бірінде миллиондаған долларға сауда жасап жүріп, "заңсыз ақшаны әшкерелеу туралы" Ұлыбританияда қабылданған жаңа заңның басты нысанына айналған.

Видео: Гаджиева жаратқан қаржы туралы жұрт не дейді?

"Қазақстандықтардың зейнетақысы Лондонда жүр"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:06 0:00

2017 жылдың мамырында зейнетақы қорынан 71,3 миллиард теңгесі (шамамен 225 миллион доллар) салынған Әзербайжан халықаралық банкінің дефолт болғаны хабарланған. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "банкке ақша салу туралы шешімді БЖЗҚ-ның бұрынғы басшылар қабылдады" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG