Accessibility links

Лос-Анжелестегі 13 адам мерт болған шабуылды әскери жасаған


Шабуыл жасалған бар ғимаратының алды.
Шабуыл жасалған бар ғимаратының алды.

АҚШ полициясы Лос-Анжелес іргесіндегі барға кімнің шабуыл жасағанын анықтады. Вентура округінің шерифі Джефф Диннің айтуынша, адамдарға оқ жаудырған – теңіз жаяу әскерінің ардагері Дэвид Айан Лонг.

Қарашаның 8-інде Таузанд-Окс қаласындағы Borderline Bar & Grill барына жасалған шабуылдан 12 адам қаза тауып, 13 адам жараланған. Шабуыл жасаған адам бар ішін түтіндетіп, 45-калибра тапаншасымен атқан.

Куәгерлер отыздан астам атылған оқ даусын естігендерін айтады.

Әскер ардагерінің не үшін бұлай еткені әлі анықталмаған. Атыс болып жатқанда алдынан полиция шыққан ол өзін-өзі өлтірген.

Шабуыл кезінде барда 200-дей адам болған. Олардың арасында 2017 жылы болған кантри-музыка фестиваліндегі шабуылдан аман қалғандар да бар. Сол кездегі шабуылдан 58 адам қаза тауып, 500-ден аса адам жарақаттанған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG