Accessibility links

Венесуэладағы дағдарыс салдарынан "үш миллион адам елден кеткен"


Венесуэла президенті Николас Мадуро.
Венесуэла президенті Николас Мадуро.

Венесуэланың үш миллион азаматы елдегі саяси-экономикалық дағдарысқа байланысты елден кеткен. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымы хабарлады.

Ұйым жариялаған құжаттағы ақпаратқа сәйкес, Венесуэлада зорлық қаупі жоғары, азаматтар гиперинфляцияны бастан кешіп отыр, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жетіспейді.

2018 жылдың жартысында елден кететіндер көбейген. Босып кететіндер көбі Перу мен Колумбияда тұрақтайды. Колумбия үкіметі 2021 жылы елге келетін венесуэлалықтар саны 4 миллионға жетеді деп болжаған.

Ресми дерек бойынша, қазір Венесуэладағы халық саны – 30 миллион.

Мұнайға бай елдегі экономикалық дағдарыс социалист президент Николас Мадуро 2013 жылы билікке келген соң өрши түскен. Сарапшылар "президенттің экономикаға қатты араласып, қате саясат жүргізіп отырғанын" айтады. Соңғы жылдары оппозицияға жасалатын қысым да артқан.

Мадуро миграттарға қатысты "фэйк жаңалық" деп атайды. Ол мұны "Венесуэла саясатына араласуды қалайтын елдердің әрекеті" деп санайды.

Биыл қазанда АҚШ "оппозиция лидері Фернандо Албанның өліміне Венесуэла президентінің қатысы бар" деп айыптаған. Ресейлік "Роснефть" компаниясы соңғы жылдары Венесуэланың ұлттық мұнай компаниясына мұнай өнімдерін тасымалдауы үшін 6,5 миллиард доллар аванс ретінде берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG